Главное
Қазақстанда жұмыс берушілер 2 мыңнан астам адамға 814 млн теңге жалақы қарыз

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республика көлеміндегі 85 кәсіпорында 2 мыңнан астам жұмыскерге жалпы 814 млн теңге көлемінде жалақы берешегі бар екенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еңбек құқығын бұзудың 2 400-ден астам фактісі тіркелді
Түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 2 381 тексеру жүргізіліп, 2 941 еңбек заңнамасын бұзу дерегі тіркелді. Оның ішінде:
- еңбек саласында – 2 428;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау – 496;
- жұмыспен қамту саласында – 17.
Кәсіпорындарға 194 млн теңге айыппұл салынды
Жалақы қарызы және еңбек құқықтарының бұзылуына байланысты:
- 1 588 міндетті ұйғарым берілді;
- 194 млн теңгеден астам айыппұл салынды;
- 1,9 мың жұмыскердің құқығы қорғалды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қабылданған шаралар нәтижесінде, оның ішінде қарызды өтеудің нақты кестелері мен мерзімдерін белгілеу арқылы,
1 900 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 677 млн теңге жалақы төленді.