ГлавноеГосорганы

Қазақстанда жол апатының саны бір жылда 90% көбейген – Берік Асылов дабыл қақты

2023 жылмен салыстырғанда биыл Қазақстандағы жол апаттарының саны 90% көбейген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Асылов осыған байланысты дабыл қағып, прокурорларға тапсырма берген.

«Өткен жылмен салыстырғанда жолдағы апат саны 90% өсті. Жол-көлік оқиғалары құрбандарының саны да артқан. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында теріс үрдіс орын алып жатыр. Осыған байланысты, прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен жолдардың неғұрлым апаттық-қауіпті учаскелеріне назар аудару арқылы олардың себептерін анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырдым», — деп жазды Берік Асылов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, вице-премьер Роман Склярдың атына  сауал жолдаған депутат Ұласбек Сәдібеков Қазақстанда 8 ай 18 күнде 1 300-ге жуық адам жол апатынан көз жұмғанын айтқан еді.

Другие новости

Back to top button