Госорганы

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді: эпицентрі – Жетісу облысында

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 маусым күні Астана уақытымен 08:06-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Эпицентрі – Жетісу облысында

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым жерде, Жетісу облысының аумағында орналасқан.

Зардап туралы ақпарат жоқ

Жер сілкінісінің сезілгені туралы мәліметтер түскен жоқ. Қазіргі уақытта зардаптар немесе дүмпулер туралы ресми хабарланбаған.

Алдыңғы сілкініс

Еске салайық, 27 мамыр күні күндіз Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде 2 балдық жер сілкінісі болған еді.

Другие новости

Back to top button