ГлавноеГосорганы

Қазақстанда футболдың болашағы зор: Тоқаев футболшыларға қолдау көрсетуге уәде берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда футболды дамытуға қолдау көрсетілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінде болып, футболдың болашағы туралы сөз қозғады.

«Президент футболдың болашағы зор екенін, аталған спорт түрін дамытуға қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мемлекет басшысы бүгін жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласына барып, аймақтың экономикалық даму барысымен және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларымен танысты. Сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрді.

Президент барған Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінің жалпы аумағы 1048 шаршы метр. Мұнда спорттың бірнеше түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Другие новости

Back to top button