Бұл туралы мәжіліс кулуарында төменгі палатының төрағасыы Ерлан Қошанов айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.
Сұрақты кулуарда журналистер қойған. Журналистер экс-президенттің белсенділігіне байланысты алаңдайтын мәселе бар ма деп сұрады. “Ескі Қазақстан” мен “Жаңа Қазақстанның арасында текетірес бар ма? Сауал осылай басталған.
– Халықтың алаңдауына, сіздің де алаңдауыңызға негіз жоқ. Бірінші кезекте, ешбір қосбилік бүгінгі күні жоқ, болуы мүмкін де емес. Бүгінгі күні барлық шешімді халық басым көпшілігімен сайлаған мемлекет басшысы қабылдайды, — дейді ол.
Оның айтуынша, экс-президент мемлекеттік істерге араласпайды. Екіншіден, оның кездесулері, іс-шаралары, жол сапарлары жеке азамат ретінде өзінің құқығын пайдаланғаны.