Госорганы

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулауға тыйым салынды

Бұйрық 2022 жылғы 22 қарашадан бастап күшіне енеді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 4 қарашадағы бұйрығы бойынша жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атап айтқанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда әуесқой (спорттық) аңшылыққа тыйым салу ережесі енгізілді.

Дегенмен мұндай аймақтарда:

— әуесқой (спорттық) балық аулау;

— қорғау режимі сақталған орындарды қоспағанда, жабайы жеміс-жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрілік шөптерді әуесқой түрде жинау, ара ұялары мен омарталарын орналастыру, марал өсіру, арнайы бөлінген жерлерде бау-бақша өсіру;

— шөп шабу және малды арнайы бөлінген жерлерде жаю рұқсат етіледі.

Бұл ретте, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң шектелген шаруашылық және туристік-рекреациялық қызметi аймақтарында және мемлекеттiк табиғи резерваттардың буферлік аймағында әуесқой түрде (спорттық) балық аулауға жол берiлетiнi көрсетiледi.

Бұйрық 2022 жылғы 22 қарашадан бастап күшіне енеді.

Другие новости

Back to top button