Госорганы

Қазақстанда енді қант тапшылығы болмайды – министр

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы қант нарығындағы қазіргі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министр еліміз енді өзін қантпен толық қамтамасыз ете алатынын атап өтті.

«Биыл өзімізді қантпен 100 пайыз қамтамасыз етеміз. Қант қамыстан жасалатын болады, себебі әзірге қызылша жетпейді, дегенмен өзіміздің қант болады. Зауыттан келетін баға келісіне 450 теңгеден аспайды», — деді министр тілшілер сұрағын жауап бере отырып.

Еске салайық, көктемде Ресей өз елінен қант экспорттауға тыйым салған соң Қазақстанда қант бағасы қымбаттап кеткен болатын.

«Ең бастысы, инфляцияның неліктен қазір 18,8 пайыз деңгейінде екенін түсіну керек: инфляцияның ең үлкен факторы – 75 пайыздық өсіміне қант себеп болды. Ол Ресей экспортқа тыйым салуына байланысты туындаған жағдай болатын», — деді министр.

Другие новости

Back to top button