Ақша

Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алып жүр

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы жалдамалы қызметкерлердің жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың төртінші тоқсанына қатысты мәліметтерді жариялады. Ең көп жалақы мына салаларда тіркелген:

  • Ақпарат және байланыс – 809 564 теңге;
  • Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 856 521 теңге;
  • Қаржы және сақтандыру қызметі – 890 573 теңге.

Ал ең төменгі жалақы – қонақүй және тамақтану қызметін көрсететін салада: 258 775 теңге.

ӨҢІРЛЕР

Жалақысы ең жоғары жалдамалы қызметкерлер келесі өңірлерде:

  • Атырау облысы – 593 653 теңге;
  • Ұлытау облысы – 582 943 теңге;
  • Маңғыстау облысы – 564 014 теңге.

Ал үш мегаполисте көрсеткіш төменірек:

  • Астана – 548 579 теңге;
  • Алматы – 533 365 теңге;
  • Шымкент – 303 924 теңге.

Другие новости

Back to top button