Ақша

Қазақстанда доллар шарықтап барады: 547 теңгеге жетті

Қазақстандағы валюта айырбастау пунктерінде доллардың қымбаттауы жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы мен Астанадағы айырбастау бағамы

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес:

  • Алматыда 25 шілдедегі доллардың орташа бағамы:
    • Сатып алу – 543,48 теңге;
    • Сату – 546,58 теңге.
  • Астанадағы орташа бағам:
    • Сатып алу – 539,82 теңге;
    • Сату – 546,8 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы

Қазақстан Ұлттық банкінің 25 шілдеге бекіткен ресми доллар бағамы – 541,93 теңге.

Соңғы күндердегі бағамның өзгеруі

  • 21 шілде: доллар 3,89 теңгеге арзандады;
  • 22 шілде2,37 теңгеге өсті;
  • 23 шілде6,21 теңгеге көтерілді;
  • 24 шілде: тағы 3,29 теңгеге өсті.

Другие новости

Back to top button