Ақша

Қазақстанда доллар күн санап қымбаттап барады

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 519,55 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,63 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 518,81 теңге

Қазақстан Ұлттық банкінің 2025 жылғы 19 маусымға арналған ресми бағамы – 518,81 теңге.

Алматы мен Астанадағы айырбастау бағамы

Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта:

Алматы қаласында:

  • Сатып алу бағамы – 519,27 теңге;
  • Сату бағамы – 521,15 теңге.

Астана қаласында:

  • Сатып алу бағамы – 517,62 теңге;
  • Сату бағамы – 523,64 теңге.

Соңғы күндердегі динамика:

  • 16 маусымда орташа бағам 0,34 теңгеге өсті;
  • 17 маусымда күрт өсіп, 4,85 теңгеге жоғарылады;
  • 18 маусымда тағы да 1,13 теңгеге артты.

Другие новости

Back to top button