Госорганы
Қазақстанда былтыр 194 азаптау фактісі тіркелді
Бас прокуратура елімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар саны азайды. Ведомство мәліметінше, былтыр қылмыс 5,3 пайызға, яғни 140 мыңнан 132 мыңға дейін төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура алаяқтыққа, есірткі қылмысына және басқа да қауіпті құбылыстарға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
«Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарының кепілдіктері нығайтылады. Қылмыстық орбитаға 4 132 азаматты негізсіз тартуға жол берілмеді.
Азаптау фактілері екі есе азайды (54%, 424-тен 194-ке дейін)», — делінген Бас прокуратура хабарламасында.