Госорганы

Қазақстанда биыл жалақы қай салада көбейген

2025 жылдың алғашқы үш айында қазақстандықтардың табысы аздап артқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОРТАША ЖАЛАҚЫ

Ел бойынша жалақының медианалық деңгейі (яғни жалақы шкаласының дәл ортасы) 300 307 теңгені құрады. Ал орташа жалақы (шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) 423 133 теңге болды. Бұл — 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,7%-ға жоғары.

САЛАЛАР

Бір жылда жалақы ең көп өскен салалар:

  • Ақпарат және байланыс – 31,3%
  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%
  • Өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1%

Ал денсаулық сақтау саласында жалақы 6,2%-ға, білім беру саласында 6,1%-ға өскен.

ӨҢІРЛЕР

2025 жылдың I тоқсанында жалақы ең көп артқан өңірлер:

  • Ұлытау облысы – 19,4%
  • Қостанай облысы – 14,6%
  • Алматы қаласы – 14,2%
  • Павлодар облысы – 13,5%

Другие новости

Back to top button