Главное

Қазақстанда бір отбасы айына шамамен 150 мың теңгесін тамаққа жұмсайды

Былтыр Қазақстандағы бір отбасының азық-түлікке жұмсаған шығыны 2023 жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға көбейген. Осылайша өткен жылы бір отбасы орташа есеппен айына 150 мың теңгеге тамақ сатып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2024 жылы отбасылардың азық-түлікке жұмсаған орташа жылдық шығыны 1,8 млн теңгені құрады.

«Яғни орташа есеппен бір отбасы азық-түлік тауарларына ай сайын 150,4 мың теңге жұмсаған. Азық-түлік бюджетінің әжептәуір бөлігі ет пен ет өнімдеріне кеткен – бір отбасыға жылына орта есеппен 597, 9 мың теңге немесе барлық шығынның 33,1 пайызы. Одан кейін нан мен жарма өнімдері (257,7 мың теңге), сосын сүт өнімдері  (196,5 мың теңге) тұр. Жеміс-жидек сатып алуға жылына 163,2 мың теңге, көкөніске — 129,6 мың теңге, қант пен тәтті өнімдерге — 122,6 мың теңге, майға — 92 мың теңге, алкогольсіз сусындарға — 79,6 мың теңге, балық пен теңіз өнімдеріне — 78,8 мың теңге, жұмыртқаға 40,3 мың теңге кеткен», — деп жазады EnergyProm. 

Өңірлер арасында азық-түлікке ең көп Түркістан облысының тұрғындары ақша жұмсаған: жылына 2,3 млн теңге немесе айына 194,7 мың теңге. Бұл елдегі орташа көрсеткіштен 29,4 пайызға артық. Одан кейін Маңғыстау мен Жамбыл облыстары тұр.

Ал Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының халқы тамаққа аз ақша жұмсайтын болып шықты.

Осы жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша азық-түлік өнімдерінің бағасы бір айда 1,6%-ға және жылдық мәнде 7,6%-ға өскен. Әсіресе, бір ай ішінде жеміс-жидек пен көкөніс, ет пен ет өнімдері қатты қымбаттаған.

Другие новости

Back to top button