Главное

Қазақстанда балалар күніне 5 рет қылмыс жасайды — Динара Зәкиева

Елімізде кәмелет жасқа толмағандар күніне 5 рет қылмысқа барады, олар көбіне әлімжеттік жасайды және ұрлыққа түседі. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Көбіне ата-анасынан мейірім көрмеген, қамқорлық жетіспеген балалар қылмыс жасап жатады. Күнделікті өмірде зорлық-зомбылыққа куә болатын және өздері зорлық-зомбылыққа ұшарайтын балалар да бар. Осыған байланысты әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған заңда алдын-алу шаралары қарастырылған. Мобильді топтар жағдайы төмен отбасыларды, қиын жағдайға тап болған, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқан отбасыларлды анықтайды. Маусым айында осындай 45 мың отбасы анықталып, 1800 отбасы сүйемелдеуге алынды», — деді ол.

Өңірлерде отбасыларды қолдауға арналған 112 орталық ашылған.

Другие новости

Back to top button