Қазақстанда бала табу көрсеткіші антирекордты жаңартты

Қазақстанда туу коэффициенті үшінші жыл қатарынан төмендеп келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанда туу коэффициенті (ЖТК) 2024 жылы 0,16-ға төмендеп, 2,28-ді құрады, деп хабарлайды «ПКБ». Бұл көрсеткіш 2022 жылдан бері құлдырап келеді. Ал 2021 жылы соңғы 22 жылдағы ең жоғары деңгейге жетіп, 3,32 болған еді.
Сарапшылардың мәліметінше, 2024 жылғы көрсеткіш 2017 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жеткен. Сонымен қатар, 20-29 жас аралығындағы Қазақстандағы әйелдер арасында туу көрсеткішінің айтарлықтай азайғаны байқалады.
Жиынтық туу коэффициенті қалай есептеледі
Бұл коэффициент бір әйелдің 15 пен 49 жас аралығында қанша бала тууға мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Есептеу кезінде әрбір бес жылдық жас тобындағы туу деңгейінің өзгеріссіз сақталатыны ескеріледі.
Жаһандық көрсеткіш
Дегенмен, дүниежүзілік банктің деректері Қазақстандағы туу көрсеткіші әлемдік орташа деңгейден жоғары екенін көрсетіп отыр.
Айта кетейік, өткен жылы да сарапшылар елдегі туу көрсеткішінің төмендеуін тіркеген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, ең көп бала Түркістан және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында дүниеге келген.