Главное

Қазақстанда ауыр босанған әйелдер пансионатқа барып, толық күтіне алады

Қазақстанда жүкті және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету үшін «Салауатты ана» пансионаттары ашылып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шалғай ауылдарда жоғары тәуекел қаупі тобындағы жүкті әйелдерді алдын ала емдеуге  жатқызу, сондай-ақ ауыр босанып, ауруы асқынған әйелдерді оңалтуға арналған «Салауатты ана» пансионаттары ашылып жатыр», — деді Әлназарова Үкімет отырысында.

Қазір пансионаттар Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында ашылып, жүкті әйелдерге қызмет көрсетіп жатыр.

Министр басқа өңірлердің әкімдерінен жыл соңына дейін облыс орталықтарында пансионат ашу мәселесін шешуді сұрады.

Другие новости

Back to top button