Бизнес

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі бойынша жаңа зауыт іске қосылады     

Қазақстан тағы бір отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушімен толығатын болады. Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы агрегаттары мен құралдарын шығаратын «ҚазАгроМаш» зауыты пайдалануға беріледі.

Осы мәселе бойынша салтанатты іс-шаралар қонақтар мен фермерлерді шақыра отырып Наурыз мерекесі күндеріне жоспарланған.

Жаңа машина жасау кәсіпорнының 2024 жылғы наурыздағы өндірістік қуаты жылына 150 бірлік ауыл шаруашылығы құралын құрайды. Зауыт қазірдің өзінде өзінің өндірістік желілерін жолға қойып, алты түрлі құрал — саймандар шығаруды игерді: жалпақ кескіштер,  тегістегіштер, соқалар, қар жинағыштар, дискілі тырмалар мен тіркемелер.

«КазАгроМаш зауыты» ЖШС мамандарының айтуынша, өндірістік нысанды құру идеясы отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тығыз жұмыс істеудің 13 жылдық тәжірибесінен туындады. Кәсіпорынның мақсаты — қазақстандық аграршылар үшін қолжетімді, жоғары сапалы және сенімді техника шығару.  Әлі салынып жатқан зауыттың цехтарындағы алғашқы құрал-саймандардың әзірлемесі  2023 жылдың басында басталды, ал техника 2023 жылдың маусымында алғашқы сынақтан өтті, содан кейін ол сатылымға шығарылды.

Кәсіпорында өндірістік корпустарды қайта құру, әкімшілік-тұрмыстық кешендерді күрделі жөндеу, зауытты инженерлік инфрақұрылымға қосу жүргізілді, негізгі технологиялық жабдықтар сатып алынды және орнатылды.

Зауыт енді ғана пайдалануға беріледі, бірақ қазірдің зінде өндіріс желісін кеңейтуге ниетті.  Пресс-жинағыштарды, тырмаларды, минералды тыңайтқыштарды таратқыштарды, қопсытқыштарды, соқалардың барлық түрлерін, СКП сепкіштерін, дискілі сепкіштерді, сепкіштерді тиегіштерді, сондай-ақ сұйық тыңайтқыштарды енгізуге арналған агрегаттарды өндіруді жолға қою жоспарлануда.

«ҚазАгроМаш» зауыты сервистік қызмет көрсетуді, қосалқы бөлшектерді жеткізуді және жабдықты пайдалану бойынша консультацияларды қоса алғанда, клиенттерге толыққанды қолдау көрсететіні атап өтілді. Сонымен қатар, зауыт жұмыскерлерінің  айтуынша, жабдыққа 2-3 жылдағы кеңейтілген кепілдік фермерлерге сатып алынған жабдықты барынша тиімді пайдалануға және жұмыстың тоқтап қалуын азайтуға көмектеседі.

«ҚазАгроМаш зауыты»  ЖШС негізгі серіктестерінің бірі 2024 жылдың ақпан айында жұмысын бастаған, өзінің  «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бар  «ҚазАгроҚаржы» АҚ мемлекеттік лизингтік компаниясы болып табылады.

 

«Jańa Dala / Green Day» мамандандырылған халықаралық көрсетім-көрмесі — Қазақстанда 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Дала күні форматындағы дәстүрлі іс-шара. Көрме 2024 жылғы 18-19 шілдеде өтеді және заманауи ауыл шаруашылығы технологияларының, жоғары өнімді техниканың, селекциялық жетістіктердің, сондай-ақ ветеринария, органикалық егіншілік және өсімдіктерді қорғау саласындағы инновациялық әзірлемелердің республикадағы ең ірі көрсетім алаңы болып табылады.  Дала күні аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен асыл тұқымды мал тұқымдарының көрсетімдері мен аукциондары өткізіледі. «Jańa Dala / Green Day» жыл сайын Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы «Еңбек» ЖШС-нің көрсетім алаңдарында, Астана қаласынан 90 шақырым қашықтықта, Астана-Көкшетау автобанының бойында өтеді. Көрмені ұйымдастырушы – «Expo TIME» қазақстандық компаниясы

Другие новости

Back to top button