Выбор редакции

Қазақстанда ақшаны қалай сақтап, көбейтуға болады – сарапшылар кеңесі

Ірі саудаға ниеттену немесе күтпеген жағдайларға арнап қаржылық қор құру қажеттілігі көбіне қаражатты тиімді сақтап, оны көбейту жолдарын іздеуге жетелейді. Осы ретте сарапшылар қаражатты сақтап, көбейтудің әдістерін ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАНКТЕГІ ДЕПОЗИТ

Бұл – тәуекелді толық немесе барынша азайтып, капиталды арттыру қажет болғанда қолданылатын дәстүрлі тәсіл. Депозиттің инвестициялық құрал ретіндегі артықшылықтары көпшілікке белгілі және мыналарды қамтиды:

  • Инфляция деңгейіне жуық немесе одан жоғары мөлшерде табыс табу кепілдігі;
  • Мемлекеттік депозиттерді сақтандыру жүйесі;
  • Барлық дерлік банктер тарапынан ұсыныстардың молдығы – тиімді әрі ыңғайлысын таңдауға мүмкіндік береді;
  • Салымшының қалауы бойынша банкпен ынтымақтастықтың түрлі қосымша шарттары: пайыздарды капиталдандыру, салым мерзімі, ішінара шешу немесе толықтыру мүмкіндігі және т.б.

Басты кемшілігі – табыстылығының салыстырмалы түрде төмендігі. Бұл көрсеткіш кейбір басқа инвестициялық құралдарға (мысалы, бағалы қағаздарға) жол береді, бірақ оның орнына сенімділік пен тәуекелдің төмен деңгейі ұсынылады.

ЖИНАҚ ОТЫ

Атауы айтып тұрғандай, бұл – қаражат жинауға арналған ыңғайлы банктік құрал. Салымшы үшін жеке қаражатын басқару тұрғысынан едәуір икемділік ұсынады. Яғни, жинақ шотынан ақша шешіп алу, оны толықтыру және басқа да қаржылық операциялар жүргізу мүмкіндігі бар.

Алайда, пайдалану қолайлылығы есебінен пайыздық мөлшерлеме төмендеу жағына өзгереді, сәйкесінше табыстылық та азаяды.

ВАЛЮТА НАРЫҒЫ

Шетел валютасына салым салу – бұрын Кеңес одағында, кейін Қазақстанда да капиталды сақтап, арттырудың дәстүрлі жолы ретінде кеңінен танылды. Соңғы жылдары бұл бағытта маңызды өзгеріс орын алды – инвестиция үшін қолданылатын т.ғ. резервтік валюталар тізімі кеңейді. Бұрын тек АҚШ доллары мен Еуропа одағының еуросы қарастырылса, бүгінде оларға Қытай юані, Жапон иенасы, Үнді рупиясы және басқа да бірқатар шетел валюталары қосылды.

Бұл – салымды әртараптандыруға, яғни инвестициялық қоржынға түрлі валютаны қосу арқылы тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

ҚОР НАРЫҒЫ

Қор нарығына шығу үшін брокермен келісімшарт жасалып, брокерлік шот ашылады. Бұл шот бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарын сатып алу үшін қолданылады. Бағалы қағаздардың ішіндегі негізгі түрлері – акциялар мен облигациялар.

Акциялар кәдімгі (эмитент компанияны басқаруға қатысу құқығын береді) және артықшылықты (мұндай құқық берілмейді) болып бөлінеді. Ал облигацияларды мемлекет, аймақтар, ірі корпорациялар мен шағын компаниялар шығара алады. Бұл бағалы қағаздардың табыстылығы әдетте акцияларға қарағанда төмен, бірақ сәйкесінше тәуекел де аз болады.

ҚЫМБАТ МЕТАЛДАР

Қымбат металдарға алтын, күміс, платина және палладий жатады. Әсіресе алтын мен күміс – кең таралған инвестициялық активтер. Драгметалдар ұзақ мерзімді салым ретінде аса қызықты нұсқа саналады. Бұдан бөлек, салымшыға бірнеше түрлі инвестициялық құралдардың ішінен таңдау жасау мүмкіндігі беріледі:

  • құйма түріндегі физикалық металл;
  • коллекциялық және естелік монеталар;
  • атаусыз металл шоттары (металдың физикалық қозғалысын қажет етпейді, барлық операциялар қолма-қол ақшасыз форматта жүзеге асады);
  • қымбат металды өндіру және сатумен айналысатын компаниялардың туынды қаржы құралдары.

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК

Инвестициялауға ең құнды әрі сенімді активтердің бірі. Басты кемшілігі – едәуір көлемде бастапқы капитал қажет етеді.

Қосымша минус – әркез жоғары өтімді бола бермейді, сондықтан мұндай салымдар көбіне ұзақ мерзімге есептеледі.

Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік бірқатар маңызды артықшылықтарымен ерекшеленеді:

  • тарихи тұрғыда бағасының тұрақты өсуі;
  • меншік құқығының міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі;
  • әртүрлілігі – тұрғын үй, коммерциялық жылжымайтын мүлік және т.б.;
  • жалға беру арқылы тұрақты пассивті табыс алу мүмкіндігі.

Другие новости

Back to top button