Госорганы

Қазақстанда әлі бір де бір азамат өзін президент сайлауына тіркеген жоқ

Президент сайлауы 20 қараша күні өтеді

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Айта кетейік, бүгін, 2022 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Қазақстандағы президент сайлауына кандидаттарды тіркеу басталды.

«Бүгін таңғы сағат 10.35-тегі жағдай бойынша бір де бір азамат кандидат ретінде өтініш берген жоқ», — деді Мұхтар Ерман.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 20 қараша күні президент сайлауы өтеді.

 

Другие новости

Back to top button