Госорганы

Қазақстанда АЭС салу тендеріне қандай елдер қатысатыны белгілі болды

Қазақстанда атом электр станциясын салатын тендерге Корея, Ресей, Қытай, Франция елдері қатысады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атом электр станциясын қандай компания салатынын тендер анықтайды. Тендерге қатысатын алдын ала квалификациядан Корея, Ресей, Қытай, Франция елдері өтті. АС. Бұь тізім шектелмейді», — деді Сәтқалиев.

Ол сонымен қатар АҚШ пен Жапония да Қазақстанда АЭС салуға мүдделі екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елші Дәурен Абаев еліміз АЭс салуға қатысты референдумды биыл жыл соңында өткізуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Другие новости

Back to top button