Главное

Қазақстанда 28 мың адамның онлайн несиесі толықтай кешіріледі

Қазақстанда онлайн ақша алған 28 мың адамның несиесі толықтай кешіріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді. Елімізде жыл басынан бері микроқаржы ұйымынан қаржы алғандардың қарызы 45 миллиард теңгеден асқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда 246 микроқаржы ұйымы мен тек онлайн қызмет көрсететін 25 компания бар. Олар жыл басынан бері 100 миллиард теңгеден астам шағын несие берген. Бірақ, оның 45 миллиардтан астамы әлі толық өтелмеген. Осыны ескерген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жыл соңына дейін 28 мың адамның несиесін кешірмек, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

432 мың қарыз алушы микрокредит бойынша 33,1 миллиард теңге соммасындағы проблемалық берешекті қайта құрылымдау, кепілсіз микрокредиттер бойынша 107 мың қарыз алушының 0,8 миллиард теңгесі ішінара есептен шығару және 28 мың қарыз алушының 600 миллион теңге соммасында қарызын есептен шығару көзделеді.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департаментінің директоры Дәурен Нәсімбаев

Ал экономист Ғалымжан Керімбек шағын несиені кешіру жеке азаматтар үшін тиімді шара болғанымен, ел болашағы үшін қауіпті екенін айтады.

Біз бұл мәселемен қоғамның алдындағы масылдықтан арылмаймыз. Мұнын алдында да осындай мәселелер орын алып, ол кезде де бірақ несиелер кешірілген еді. Енді біз осы шара арқылы жеке тұлғаның, заңды тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігін біз азайтамыз.

Экономика ғылымдарының докторы Ғалымжан Керімбек

Елімізде онлайн қарыз берушілер туралы нақты мәлімет, бірыңғай ақпараттық база жоқ. Жарнамасы интернетте қаптаған мұндай ұйымдар өз жұмыстары туралы мемлекеттік органдарға есеп бермейді. Комиссия көлемін де өз қалауынша құбылтады. Сондықтан қаржы студенттерге де, жұмыссыз жүрген жастарға да беріле береді. Ал оны төлей алмаған адам заң алдында жауап береді.

Другие новости

Back to top button