Главное

Қазақстанда 232 жаңа мектеп салынып жатыр, білім сапасы артып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру аясында Үкімет орта білім жүйесін жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Негізгі міндет – әрбір бала үшін білімнің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету.

Оқушы орындарының тапшылығы мен үш ауысымды оқыту мәселесін шешу мақсатында 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олар 2025 жылы пайдалануға берілмек.

— Инфрақұрылымды дамытумен қатар, білім берудің мазмұнын жетілдіруге де ерекше көңіл бөлінуде. Функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған жүйелі шаралардың нәтижесінде Қазақстан беделді халықаралық PISA рейтингінде үздік 50 елдің қатарына кірді, — делінген Үкіметтің дерегінде.

Қазақстандық оқушылардың жоғары деңгейдегі даярлығы халықаралық олимпиадалардағы көрсеткіштерінен де байқалады. Жасөспірімдер соңғы жылдары 1 мыңнан астам медаль жеңіп алды.

Баршаға тең мүмкіндік беру мақсатында бүгінде мектептердің 90 пайызында инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Сонымен қатар барлық мектеп оқулықтары 100 пайыз электронды форматқа көшірілді. Бұл оқу материалдарының елдің кез келген өңірінде қолжетімді болуына жол ашты.

Айта кетейік, үш ауысымды мектептердің саны төрт есе қысқарды.

Дереккөз: https://kaz.inform.kz/

Другие новости

Back to top button