Главное

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап мектеп бағдарламаларына жасанды интеллект енгізіледі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылынан бастап білім беру процесіне жасанды интеллект элементтері кезең-кезеңімен енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

AI-ды енгізу алдымен «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатика» пәндерінен басталады. Бұл бағытта орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары бекітілген.

Оқушылар үшін Day of AI онлайн-курстары, ал мұғалімдер үшін біліктілікті арттыру курстары дайындалған.

Министрліктің мәліметінше, 1 қыркүйек күні 4,1 миллион оқушы мектеп партасына отырады, олардың қатарында 341 мың бірінші сынып оқушысы және 232 мың 11-сынып түлегі бар.

Другие новости

Back to top button