Главное

Қазақстанда 1 маусым — «Балаларды қорғау күні» заңды демалыс болып жариялануы мүмкін

Қазақстанда 1 маусым — «Балаларды қорғау күні» мемлекеттік мереке ретінде белгіленуі мүмкін. Бұл туралы бір топ депутаттың депутаттық сауалына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың жауабында айтылған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атына сауал жолдаған депутаттар балаларды қорғау күнін мемлекеттік мереке ретінде бекітуді ұсынған.

«Бұл мереке жыл сайын 1 маусымда өтеді, ол ендігі мемлекеттік мәртебеге лайық деп санаймыз», — деп жазған еді депутаттар өз сауалында.

Министрліктің позициясы қандай

Өзге де мереке күндерін ауыстыруға қатысты қазіргі ережелерді баяндаған министрлік депутаттардың позициясын қолдап, мынандай жауап қайтарған.

«Дәстүр бойынша, бұл күні ата-аналар балаларды аттракциондар саябағына, ойын орталықтарына серуендеуге апарады және жалпы мерекелік көңіл-күйді ұйымдастырады. Аталған мереке ата-аналар мен балаларға бірлесіп уақыт өткізуге, мәдени, тәрбиелік және қоғамдық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл баланың жақсы психоэмоционалды жағдайда отбасының жанында толық қауіпсіздікті сезінуіне әсерін тигізеді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сонымен қатар елімізде отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында «Балаларды қорғау күнін» 1 маусым күні мемлекеттік мереке ретінде белгілеуді мүмкін деп санаймыз», — деп жазылған Жақыпованың жауабында.

Другие новости

Back to top button