Ақша

Қазақстан тағы бір халықаралық банктен 543 млн доллар қарыз алады

Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 84,9 млрд иен қарыз алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАНКТЕН ҚАРЫЗ

Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді заң жобасы Парламентке түскен. Төменгі палатаның қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельеваның айтуынша, заң жобасы 2024 жылы 18 қарашада Үкімет қаулысымен енгізілген. Аталған келісімге 2024 жылы 11 қарашада Астана қаласында жасалған.

– Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға 84,9 млрд иен қарыз береді. Қарызды өтеу мерзімі – 11 жыл. Қарыз республикалық бюджеттің дефициті шеңберінде ел экономикасының тұрақтылығын қамту үшін алынады, – дейді ол.

Мәжілістің қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлейді.

Бұған дейін Қазақстан мен Азия Даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен де қарыз алатыны хабарланған еді.

Другие новости

Back to top button