Спорт

Қазақстан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатын 6 медальмен аяқтады

Алты күн бойы әлемнің 90 елінен барған 811 спортшы жүлделі орындарға таласты

Болгария астанасында таеквондодан жастар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР таеквондо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, алты күн бойы әлемнің 90 елінен барған 811 спортшы жүлделі орындарға таласты.

«Қазақстандықтар дүбірлі додада екі күміс пен төрт қола медаль иеленді. Жерлестеріміздің арасынан күміс медаль Айдана Сүндетбай (46) мен Тамерлан Тілеулеске (51 кг) бұйырса, Әсет Ізғалиев (48 кг), Жавохирхон Исламов (55 кг), Әлібек Шайкенов (59 кг) пен Батырхан Тілеуғали (59 кг) қола жүлдегер атанды», — делінген хабарламада.

Жалпы еліміздің атынан бұл аламанға 20 таеквондошы аттанған болатын.

 

Другие новости

Back to top button