ГлавноеГосорганы

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: Полиция қасақана өрт қою туралы қауесетті жоққа шығарды

Қарағанды облыстық полиция департаменті «Қазақстан» шахтасындағы өртті қасақана тұтатуы мүмкін екені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Әлеуметтік желіде бұған дейін Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өртке қатысты дерек тараған.

«Әлеуметтік желі мен кей ақпарат агенттіктерінде Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап, «Қазақстан» шахтасында өртті қасақана тұтатуы мүмкін екені жайлы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр, өрттің себебін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар полиция тұрғындарды қауесеттерге сенбеуге шақырды.

Еске салайық, “Қазақстан” шахтасында өрт 17 шілдеде басталған еді. Салдарынан 5 кенші көз жұмды. 

Другие новости

Back to top button