Госорганы

Қазақстан Сейшель аралдарымен визасыз режим туралы келісімге қол қоюға дайындалып жатыр

Қазақстан Сейшель аралдарымен визасыз келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасында: “Қазақстан Республикасы мен Сейшель Республикасы арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын», — делінген.

Жобаға сәйкес, Сейшель азаматтары, келісімде көрсетілген жарамды жол жүру құжаттарымен Қазақстан аумағына бір немесе бірнеше рет келуге, шығуға, транзитпен өтуге, уақытша болуға визалық талаптардан босатылады. Ал екінші тарапқа олар түскен күннен бастап 180 күнтізбелік күннің әрбір кезеңінде 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге бара алады.

Бұл ретте тараптардың бiрiнiң азаматтары, екiншi тарап мемлекетiнiң аумағында кәсiпкерлiкпен айналысу, жұмысқа орналасу немесе оқу үшiн көрсетiлген ең жоғары мерзiмнен ұзақ тұруға ниеттенсе, міндетті түрде виза алуы шарт.

ҚР-ның жарамды жол жүру құжаттары:

1) Дипломатиялық паспорт;

2) қызметтік төлқұжат;

3) Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

4) қайтару туралы куәлік.

Сейшель аралдары үшін жарамды жол жүру құжаттары:

1) қарапайым төлқұжат;

2) қызметтік төлқұжат;

3) Дипломатиялық паспорт;

4) қайтару туралы куәлік.

Әзірлеушілердің пікірінше, жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да салдарға әкеп соқпайды.

“Жобаны қабылдау туралы Республикалық бюджет комиссиясының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 10 хаттамасымен мақұлданған», — делінген Үкімет қаулысының жобасына түсіндірме жазбада.

Другие новости

Back to top button