Госорганы

Қазақстан Ресеймен шекараны қандай жағдайда жаба алады: депутат пікірі

Депутат Ресейдегі ішінара мобилизациялау науқанына қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстан қандай жағдайда Ресеймен арадағы шекараны жабуға әрекет еткені жөн деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Егер шартты түрде Қазақстанмен арадағы шекараға жендеттер, қылмыскерлер, болмаса, қолына қару асынған өзге де адамдар шығып, Қазақстанды тонай бастаса, шекара жабылады. Басқа жағдайда жабылмайды.

Кез келген мемлекет өзге елдің кепілсөзіне сеніп отыра бермейді. Ол өз елінің ішінде жұмыс істейді. Қазақстан да осындай жұмыстар жүргізіп жатыр. Ондай жұмыс тоқтамай, жалғаса беруі керек», — дейді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путин бүгін ішінара мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Ол бүгіннен басталады.

Другие новости

Back to top button