ГлавноеГосорганы

Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды – Сыртқы істер министрі

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

 

Мұхтар Тілеуберді жапондық NHK телеарнасына сұхбат берді.

«Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылмаймыз, бірақ сонымен бірге республика экономикасын әртүрлі кәсіпорындар шектеу шараларын айналып өту үшін пайдаланбайды деген қағиданы ұстанамыз», – деді ол.

Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстанды тығыз экономикалық қатынастар байланыстырады. Ол Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізеді деп түсіндірді.

Қазақстан Мәскеумен де, Киевпен де достық қарым-қатынаста екенін еске салды.

«Ресей мен Украина – Қазақстанның сонау тарихтан бері достары. Президент Тоқаев екі елдің көшбасшыларымен үнемі байланыста болып, олардың өзара бейбітшілікке келуіне шақырады», – деп атап өтті министр.

Другие новости

Back to top button