Госорганы

«Қазақстан Ресейге әскери техника жөнелтіп жатыр»: министрлік түсініктеме берді

 Әлеуметтік желіде әскери техниканың қозғалысы түсірілген видео тарады. Видео авторының пайымдауынша, техника Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келісімі бойынша Қазақстаннан Ресейге аттандырылған.

Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазды stopfake.kz.

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстанда ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығуларына арналған техниканы жөнелту жұмыстары жүріп жатыр.

Оқу-жаттығулар туралы ақпарат қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған. Шара 26 қыркүйектен 8 қазанға дейін Жамбыл және Алматы облыстарында өтеді. Оған ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» қатысады.

«Осыған байланысты елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын түрлі қауесеттерге ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button