Госорганы

Қазақстан Ресейдің газын таңдады: жаңа магистраль құбыры тартылады

Ресей үкіметі Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлеріне көгілдір отын тартатын магистральды газ құбырының құрылысын бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

18 ақпандағы өкімге сәйкес, газ құбырының қуаты жылына 10 миллиард текше метрді құрайды, ал компрессорлық станциялар 50 МВт қысымды қамтамасыз етеді.

2024 жылдың шілде айында Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкімет солтүстік және шығыс облыстарды газдандырудың екі нұсқасын қарастырғанын айтқан еді. Оның бірі – «Сарыарқа» газ құбырын ұзарту немесе Ресейден жаңа газ құбырын салу.

Нәтижесінде екінші нұсқа таңдалған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысын газдандырудың маңыздылығын атап өтіп, газ инфрақұрылымын дамыту өнеркәсіптік өсімді, инвесторларды тартып, өмір сүру сапасын арттыруды елеулі ынталандыратынын атап өткен еді.

Другие новости

Back to top button