Ақша

Қазақстан қор биржасында доллар қымбаттады

Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 446 теңгеден сатылып жатыр

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,01 теңгеге қымбаттап, 448,13 теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық банктің 31 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 08 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 446 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 449 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443 теңге, сатып алу құны– 448 теңге.

Ресей рублі 5, 45 — 5, 55теңге аралығында саудаланып жатыр.

Другие новости

Back to top button