Недра Казахстана
Қазақстан мұнайы тиелген 20 танкер Босфор бұғазында кептелісте тұр
18 миллион мұнай баррелі тиелген қазақстандық және ресейлік танкерлер Түркияның Босфор мен Дарданелл бұғазында тоқтап тұр, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы Bloomberg ақпарат агенттігі жазды. Кемелердің кептелісте тұрып қалуы бекер емес екен. Түркия билігі мұнай тасымалдаушылардан сақтандыру құжаттарын талап етіп отыр екен.
Бұл талап Еуроодақ Ресей мұнайына эмбарго салғаннан соң қойылып отыр.
Еуроодақ 5 желтоқсаннан бастап ресейлік мұнайды теңіз арқылы тасымалдауға тыйым салғанын айта кетейік. Бұл ретте Үлкен жетілік елдері, Австралия мен Еуропалық Одақ қара алтынның бағасын барреліне 60 долларға дейін шектейді.