Госорганы

Қазақстан мезгілсіз өлімді азайтқан әлемдегі он елдің қатарына кірді – ДДСҰ өкілі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропадағы өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге созылмалы инфекциялық емес аурулардан мезгілсіз өлім-жітімді төмендету бойынша Қазақстанның жетістіктерін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан – жүрек-қан тамырлары аурулары, онкологиялық және басқа да созылмалы жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізген әлемдегі он елдің бірі. Қазақстанның алдын алу саласында қабылдап жатқан шаралар үлкен әсер етті: вейптерге тыйым салынды, алкогольге қатысты қатаң саясат жүргізілуде, адам папилломасы вирусына қарсы екпе салу бағдарламасы жүзеге асырылуда», — дейді Ханс Клюге.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның денсаулық сақтау саласына салынған инвестиция көлемі 8,4%-ға өсіп, шамамен $920 млн-ға жетті, оның үштен бірі жеке секторға тиесілі.

Сонымен қатар фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі 2 есеге жуық өсіп, $91,3 млн-ды құрады.  Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жыл сайын отандық өндірістегі дәрілік заттардың үлесі артып келеді, 2029 жылға қарай ол 50%-ға жетеді деп жоспарлануда.

 

Другие новости

Back to top button