Главное

Қазақстан мен Франция АЭС құрылысына қатысты кездесу өткізді

Жаңадан құрылған Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарлары Францияның мемлекеттік энергетикалық компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тараптардың кездесуі Астанада өтті

Екі тарап Астанада кездескен. Қазақстандағы Атом энергиясы жөніндегі агенттік тарапынан кездесуге агенттік төрағасының екі орынбасары қатысса, Франция тарапынан Électricité de France (EDF) аға вице-президенті келген. Кездесуге сондай-ақ «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС өкілдері қатысты.

Француз компаниясы халықаралық консорциум құрамына енуі мүмкін

Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар EDF компаниясының Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасына халықаралық консорциум құрамында қатысу мүмкіндігін талқылады.

«Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті», — деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button