ГлавноеГосорганы

Қазақстан мен Әзербайжан арасында тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге болады

Қазақстан мен Әзербайжан арасында тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге болады. Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Сіздің сапарыңыз аясында Жоғары мемлекетаралық кеңес құруды бекітетін боламыз. Бұл екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін берері сөзсіз. Біздің сауда-экономикалық өзара іс-қимылымыздағы айтарлықтай ілгерілеушілікті де зор қанағаттанушылықпен атап өткім келеді. Тауар айналымы 40 пайызға артып, жарты миллиард долларға жетті. Экономикалық әлеуетімізді мүмкіндігінше толыққанды ашып, бұл көрсеткішті 1 млрд долларға жеткізе аламыз деп сенемін. Бұл үшін бізде энергетика, көлік, логистика, ИТ, ауыл шаруашылығы өнеркәсіп және басқа да салаларда байыпты қор бар», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланыс та рет-ретімен нығайып келе жатқанын баса айтты.

«Бұл ретте басты байланыстырушы буын ұлты әзербайжан 120 мың азаматымыз бола алады және олардың бір бөлігі бүгін көрнекті мемлекет қайраткері Гейдар Әлиевтің атындағы көшенің ашылуына қатысады», — деді Қазақстан Президенті.

Другие новости

Back to top button