Спорт

Қазақстан грек-рим күресінен олимпиада ойындарына алғашқы лицензияны жеңіп алды

Нұрсұлтан Тұрсынов Белградтағы әлем чемпионатында бесінші орын алды

Грек-рим күресінен қазақ балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиада лицензиясының иегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Тұрсынов Белградта (Сербия) өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында бесінші орын алды. Бұл орын оған 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін олимпиада ойындарына қатысуға кепілдік береді.

«Париж-2024 жолдамасы үшін жекпе-жекте қазақстандық балуан әзербайжандық Ислам Абасовты жеңді – екеуінің де бұған дейінгі «қола» медаль үшін күресі сәтсіз өткен болатын» — деп жазады «Спорт Шредингера» Telegram-арнасы.

Қазақ балуаны жартылай финалда түрік палуаны Али Ченгизмен күш сынасып, оған есе жіберіп алды (3-5). Ал қола үшін белдесуде украиналық Жан Беленюкпен жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалды (2-7).

Айта кетсек, 32 жастағы Тұрсыновтың олимпиада ойындарынаа қатысудан тәжірибесі бар – ол бұған дейін Токиодағы жарысқа қатысып, бірінші раундта жеңіліп қалған болатын.

Нұрсұлтан Тұрсынов – 2014 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ Азия чемпионатының екі дүркін күміс және қола жүлдегері. 2023 жылдың сәуірінде Астанада өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Другие новости

Back to top button