Спорт

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері міндетін Әлиев атқарады

Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас бапкері белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport. 

Қазақстан футбол федерациясы қызметінен босатылған Черчесовтың орнына уақытша бас бапкер ретінде Әли Әлиевтің келгенін ресми мәлім етті.

«Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып отандық маман Әли Әлиев тағайындалды» деді федерация мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, Әли Әлиeвтің көмекшілері болып Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов сайланды.

ӘЛИ ӘЛИЕВ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН ТІЛ ТАБЫСА АЛАДЫ

Бұған дейін, журналист Әлімжан Тасболатұлы ютуб подкастында Әли Әлиевтің басшылыққа келуі БАҚ өкілдері үшін ұтымды болатынын айтқан.

«Ол қазақ футболын толыққанды біледі. Футболдың жілігін шағып, майын ішкен. Қазақ ойыншыларының менталитетін біледі. Жастармен, тілшілермен тіл табыса алады. Пресс-конференцияны жаны сүйеді, БАҚ өкілдеріне кем деген де толықтай 15 минутын арнайды» деді Тасболатұлы.

Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық құраманың бас бапкері болып бірнеше рет дауға қалған Станислав Черчесов 27 қаңтар күні қызметінен босатылған еді.

Другие новости

Back to top button