Главное

Қазақстан елшілігі Израильдегі өз азаматтары үшін жедел желі ашты

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильде жүрген Қазақстан азаматтары үшін жедел желі ашып, ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елшілік төрт телефон нөмірін ұсынды

Қандай да бір қиындыққа тап болған азаматтар Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің мына байланыс нөмірлеріне хабарласа алады:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)

«Сақтық пен қырағылық танытыңыздар»

Елшілік Қазақстан азаматтарын сол елдің әскері бекіткен нұсқаулықты орындап, қырағы болуға шақырды.

«Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды», — деп жазылған елшіліктің ақпаратында.

Израиль Иранға шабуыл жасады

Кеше күндіз біз Израиль Иранның ядролық объектілеріне шабуыл жасуы мүмкін екенін хабарлаған едік. Жұмаға қараған түні Израиль сол шабуылды бастап, «біз Иранның ядролық бағдарламасының дәл жүрегіне тас ұрдық. Біз Натанзедегі уран байытатын негізгі нысанды көздеп отырмыз» деген мәлімдеме жасады.

Другие новости

Back to top button