ГлавноеГосорганы

Қазақстан елдегі ұлтшылдықты жою үшін көмек сұраса, біз көмек көрсетеміз – Ресейдің Қазақстандағы өкілетті елшісі

Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі өкілетті елшісі Алексей Бородавкин өз сұхбатында қаңтар оқиғасы туралы да айтты. Сондай-ақ елде «ұлтшылдық тенденциялардың белең алуы» алаңдаушылық тудырып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алексей Бородавкин өз сөзінде қаңтар оқиғасының қоғамды дүр сілкіндіргенін айтып өтті.

«Қазақстандықтар ҰҚШҰ тарапынан жылдам әрі тиімді көмек көрсетіліп, тәртіп орнатқанына алғыс айтады. Болған оқиғадан кейін Қазақстан басшылығында өзгерістер болды. Жоғары және орта шенді азаматтар ұсталды. Бұрынғы ҰҚК басшысы мен қорғаныс министрі де күдікке ілінді. Жемқорлықпен күрес жүріп жатыр. Кінәлілер отбасылық байланыстарына қарамастан сотталды», — деді ол Sputnik басылымына сұхбатында.

Елшінің сөзінше, қазір Қазақстанда ұлтшылдық тенденция белең алған. Сондықтан ғаламторда радикалды ұлтшылдардың бейнесюжеттері көбейген, дейді ол.

«Қазақстандағы ұлтшылдық тенденцияларының белең алуы алаңдаушылық тудырып отыр. Радикалды ұлтшылдар түрлі талаптар қойып, русофобтық ұрандарды айтады. Сайлаудан кейін билікте сенімділік пайда болды. Әрі президент Тоқаев инаугурация рәсімінде былай деді: «Қоғамда іріткі салатын, халықтың бірлігіне қаяу келтіретін арандатушылық деректерінің алдын аламыз». Президентте бар мықты мандат экстремистік және ұлтшылдық деректерінің алдын алады деп ойлаймыз. Егер көмек сұраса, біз көмектесеміз», – деп қосты Бородавкин.

Елшінің сөзінше, батыс елдері Қазақстанды Ресейге қарсы қойғысы келеді. Бұған мысал ретінде ол Украинаны атап айтқан.
«Қазақстанда хаос тудыру арқылы біздің қарым-қатынасымызды үзуге тырысады. Екі халық арасына ірікті салғысы келеді. Бірақ, менің ойымша, Қазақстан үкіметі мен халқы бұл арандатуға ермейді. Қаңтар оқиғасынан кейін мемлекеттің ішкі саясатына араласқысы келетіндерге жылдам жауап береді. Айта кетері, бұл мәселеде біздің арнайы қызмет те мұнымен айналысады», – деп қосты елші.

Другие новости

Back to top button