Госорганы

Қазақстан экспортқа парашют шығарып жатыр

Қазақстан экспортқа парашют шығарып жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазақстандық өнімдердің ішіндегі көзге іліне бермейтін экспорт – бұл парашюттар. Яғни, осы жерде парашюттар өндіріп жатырмыз. Олар танымалдыққа ие деп айта аламыз. Мүмкін экспорт аясында бұл болмашы ғана сома шығар. Бірақ, бұл жаңа әрі технологиялық өнім», — деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар Қайрат Төребаев қазақстандық азық-түлік шығаратын кәсіпорындар Ресейдің сауда және мейрамхана желілеріне шығып отырғанын айтты.

Другие новости

Back to top button