Социум

Қазақстан бұрынғы сағат белдеуіне қайта ауыса ма

Петиция 50 мың қол жинаса, бұрынғы сағат белдеуіне оралуымыз мүмкін. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Петиция 19 сәуірде жарияланды. Қазір мың адамдай қол қойған. Біз мұқият мониторинг жасап отырмыз. Петицияда көрсетілген талаптар ескеріледі. Соның нәтижесі бойынша мәселені қараймыз. Дәл қазір нақты ақпарат беруге ерте», — деді ол.

2024 жылы 1 наурызда Қазақстанның он бес өңірі бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан болатын.

Другие новости

Back to top button