Госорганы
Қазақстан биыл неше қандасты қабылдайды – квотаның нақты саны жарияланды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы 9 653 адам болып белгіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 170 адамға артық көрсеткіш.
Осылайша, 2025 жылы өңірлік квота бойынша облыстар:
Павлодар облысы – 1 056 адам;
Ақмола облысы – 285 адам;
Шығыс Қазақстан облысы – 269 адам;
Абай облысы – 244 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы – 175 адам;
Қостанай облысы – 150 адам;
Атырау облысы – 100 адам;
Батыс Қазақстан облысы – 30 адамды қабылдай алады.