ГлавноеГосорганы

Қазақстан Бірлік күнін міндетті түрде атап өтуге тиіс – Тоқаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысы басталды

Қазақстанда 1 мамыр – Бірлік күні міндетті түрде тойланатын мереке. Бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Еліміз жақында Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл – ырыс-ынтымақты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Қазақстан үшін бұл аса маңызды мереке. Еліміз Бірлік күнін міндетті түрде атап өтуге тиіс. Себебі, қасиетті Отанымыздың іргесі бүтін, тұғыры мығым болсын десек, бірлігіміз әрқашан бекем болуы керек. Бұл – анық ақиқат», — дейді Тоқаев сессияны аша отырып.

Сонымен қатар, Президент Ассамблеяның алқалы жиынын жыл сайын ел бірлігі күніне орай өткізу дәстүрге айналғанын атап өтіп, былтырғы сессия кезінде маңызды бастамалар айтылғанын еске салды.

«Бұл сессия – көктем мезгілінде мемлекеттік деңгейде өтетін ең ауқымды іс-шара. Мұнда еліміз үшін өте маңызды ұсыныстар айтылады. Мен былтырғы сессияда Ата заңымызға өзгерістерді референдум арқылы енгізу туралы бастама көтердім. Көп ұзамай халқымыз өзінің тарихи таңдауын жасады. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдап дауыс берді», — дейді ол.

Другие новости

Back to top button