Госорганы

Қазақстан Әзербайжанның аумақтық тұтастығын толық растайды — ресми мәлімдеме

Мәлімдеме Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің ерсми сайтында жарияланды

Қазақстан бауырлас Әзербайжанның аумақтық тұтастығына толық қолдауын тағы да растайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы елшісі Әлім Байел мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол Қазақстан Әзербайжан тарапының Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен кездесу өткізуге бағытталған бастамасын құптайтынын хабарлады.

«Қалыптасқан жағдай Әзербайжан Республикасының халықаралық деңгейде мойындалған шекаралары шеңберінде бейбіт диалог арқылы жуық арада реттеледі деп үміт білдіреміз. Оңтүстік Кавказда бейбітшілік және өзара тиімді ынтымақтастық атмосферасының орнауы, барлық коммуникациялардың ашылуы өңірдегі барлық елдердің мүддесіне сай келеді деген пікірдеміз», — делінген Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байелдің ресми мәлімдемесінде.

Другие новости

Back to top button