Госорганы
Қазақстан азаматтары заң бойынша өз есімін өзгерте ала ма
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2024/02/65c5c749b926e100954769-780x470.jpg)
Қазақстан азаматтары заң бойынша өз есімін өзгерте ала ма? Өзгертуге құқылы болса, оның әрекет алгоритмі қандай болуы керек? Әділет министрлігі Ulysmedia.kz порталының осы сауалына жауап жолдады.
– Заңға сәйкес, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстырғысы келетін адамның жеке өтініші бойынша жүргізеді, – делінген жауапта.
Неке (ерлі — зайыптылық) және отбасы туралы кодекс бабында есімін өзгерту үшін негіздердің толық тізімі келтірілген.
Есім:
- оғаш естілген кезде;
- айтуға қиындық келтірсе;
- өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келсе;
- құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келсе;
- жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.
– Қызмет көрсету тәртібі қағидаларымен реттеледі. Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі — 5 (бес) жұмыс күні, қызмет ақылы 1 932 теңге, – делінген жауапта.