Госорганы

Қазақ ұлттық аграрлық университеттің үш жатақханасы жекеге қалай өтіп кеткені тергеліп жатыр

Тергеу амалдарын антикор былтыр бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

УНИВЕРСИТЕТТІҢ МҮЛКІ ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСКЕН

Аталған мәселе Алматыда «AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысыында талқыланған. Жиын барысында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі жайлы айтылған. Кеңес төрағасы, мәжіліс депутаты Ерлан Саиров әділдікті қалпына келтіріп, сыбайлас жемқорлық әрекетіне қатысы бар азаматтарды жауапқа тарту қажет екенін жеткізген. Оның сөзінше, екі мыңыншы жылдардың басында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде мемлекеттің және осы оқу ордасының меншігі талан-таражға түскен. Атап айтқанда, университеттің 3 жатақханасы, 5 лабораториялық ірі нысаны және 6 гектар жері белгісіз бір себептермен жеке адамдардың қолына өтіп кетті.

Әрине, осы жылдар аралығында меншіктер екінші, үшінші, төртінші қолға өтіп кетті. Соған қарамастан, әділдік қалпына келуі керек. Балаларымыздың аузынан жырып алынған барлық ырыздықты қайтаруымыз қажет. Бұған жол берген азаматтар құқықтық жауапкершілікке тартылуға тиіс», – деді Ерлан Саиров.

АНТИКОР НЕ ДЕЙДІ

Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотқа дейінгі тергеу қызметі басшысының орынбасары Қуандық Рашит университет нысандарын жеке қолға беруге қатысты заң бұзушылық фактілеріне тоқталған. Агенттік былтырдан бері осы оқу ордасының мүліктерін жеке тұлғаларға сату деректері бойынша тергеу амалдарын жүргізе бастаған Қазір тиісті сараптамалар жасалып, құзыретті органдардың мамандарымен бірге аталған меншіктер жеке тұлғаларға қандай жолмен беріліп, нендей заң бұзушылық жасалғаны тексеріліп жатыр. “Осы фактілер бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Бұдан басқа да нысандарға қатысты тергеу жүргізілуде” дейді Қуандық Рашит.

Другие новости

Back to top button