ГлавноеГосорганы

«Қазақ деген ұлт болмаған»: СІМ Ресей тарихшысына жауап беруді жөн санамады

Күні кеше Ресей тарихшысы Михаил Смолин 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қазақ пен өзбек деген ұлт болмаған деп мәлімдеме жасаған болатын. Бұған Сыртқы істер министрлігі ешқандай реакция танытпады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ал Өзбекстан тарапы бұған жауап берді. Осы орайда журналистер Парламент Сенаты кулуарында Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаевадан ресейлік тарихшыны қара тізімге енгіземіз бе сұрады.

Қоғамда кейбір жеке тұлғалар өткенге және Қазақстан тарихына қатысты түрлі пікір айтады. Менің ойымша, жеке тұлғалардың пікіріне комментарий берудің керегі жоқ. Оның заң және практика тұрғысынан мәні жоқ. Сондықтан басқа сұрақтарыңыз болса, аптаның әр дүйсенбісінде Сыртқы істер министрлігіне өтетін баспасөз мәслихатына шақырамыз. Мұнда осындай сұрақтар қойылады, – деп жауап берді ол.

Журналист: Қазақстанға бұған жауап бермей ме? Себебі, бұл ұлттық бірегейлікке қатысты ғой, – деп және сұрады.

Мен сұраңызға жауап бердім. Рақмет, – деп қысқа қайырды Сыртқы істер министрінің орынбасары
Назира Нұрбаева.

Другие новости

Back to top button