ГлавноеГосорганы

Қасым-Жомарт Тоқаев: су тасқыны түптеп келгенде елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын

Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар тың жерге қоныстанып, жаңадан бой көтереді. Жол салынады, су тартылады. Ауылдарымыз мүлде жаңа келбетке ие болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының онлайн форматта өтіп жатқан отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, тасқын су кезінде Қазақстан халқының бірлігі нығая түскен. Ал, жан-жақтан жиналып жатқан қаражатқа жаңа үйлер, жаңа көшелер, тіпті, жаңа ауылдар салынады. Сондықтан, Тоқаевтың пайымынша, бұл су тасқынының артында жақсылық та бар.

«Біріншіден, тасқын кезінде ел бірлігі нығая түсті. Арқадағы ағайынға, Жайықтағы жұртқа бүкіл Қазақстан халқы көмектесуге ұмтылды. Апат аймағында тұратын адамдар барша отандасымыздың шынайы жанашырлығын сезінді. Екіншіден, елдің жағдайын жақсарту үшін ешкім қиындықтың келуін күтіп отырмайтыны анық. Дегенмен, мұндай апаттар біраз шаруаны шұғыл қолға алуға себепкер болады. Жалпы, әлемдегі үлкен дағдарыстардың қарқынды дамуға жол ашатыны белгілі. Қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам басады. Бәрі де жақсы болады», — деді бүгін Ассамблеяның сессиясында сөзін қорытындылаған Тоқаев.

Другие новости

Back to top button